Қоғам • 12 Шілде, 2021

Қазақстанда резервтегі әскери қызмет құрылуы мүмкін

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі кейбір заңнамалық актілерге резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында талқылауға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда резервтегі әскери қызмет құрылуы мүмкін

Тұжырымдамаға сәйкес, «резервтегі адам» ұғымы енгізілген. Ол – ерікті түрде қорғаныс министрлігімен резервте әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан әскери міндетті.

Заң жобасы мақұлданса, техногендік немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде резервтегі әскери қызметшілер бірінші кезекте қолданылатын болады. Бұл ҚР Қарулы Күштеріне өзіне тән емес функцияларды орындауға елеңдемей, жоспарлы түрде жауынгерлік даярлықты жалғастыруға мүмкіндік береді. 

Резервтегі әскерилер Қорғаныс министрлігі айқындаған тәртіппен барлық әскери-есептік мамандық бойынша даярлықтан өту арқылы әскери қызмет өткеретін болады. Олар үшін даярлық бір айда бір-екі рет, ал жиын 30 күн өткізілетін болады. Жалпы алғанда бір жылда екі айдан көп емес.

«Украинадағы және Таулы Карабақтағы оқиғалар Қарулы Күштерді жұмылдырумен, әскери-оқытылған резервті даярлауға және олардың бар болуына, сондай-ақ шығынды толықтыру немесе жеке құрамды ротациялау үшін запастағы әскери қызметшілердің уақтылы келуімен байланысты бір қатар проблемалық мәселелерді анықтады. Сондықтан, азаматтардың резервте қызмет өткеруін ұйымдастыру арқылы Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін адам ресурстарымен қамтамасыз етудің заманауи қағидаттарын қайта қарау қажеттігі туындайды», деп жазылған тұжырымдамада.