Қоғам • 12 Шілде, 2021

Елімізде сотталғандар үшін «электронды дүкен» ашылады

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрі сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету қызметін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде сотталғандар үшін «электронды дүкен» ашылады

«Бұл тексеру, диагностика және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне неғұрлым кең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Онымен қоса, медицина қызметкерлеріне мекемелердің әкімшілігінен тәуелсіз қызмет ететін болады. Бұл өз кезегінде заңсыз әрекеттердің ықтимал фактілерін жасыруды жояды», деді министр.

Оған қоса, сотталғандарды колонияда ұстау жағдайларын жақсарту бөлігінде былтырғы жылдың ақпан айында сотталғандардың тамақтану нормалары 40%-ға, сәлемдемелер мен сауқаттардың рұқсат етілген салмағы үштен бірге артқаны да белгілі болды.

Министрдің сөзінше, тағы бір маңызды мәселе – бас бостандығынан айырылған адамдарды жұмыспен қамту. Жұмысқа орналастырылған сотталғандардың саны өткен жылдан бастап 38%-дан 49%-ға дейін артқан. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Сонымен қатар жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды төлеуге және отбасына жіберіп отыруға мүмкіндік береді.

«Өзімен бірге алып жүруге, сәлемдемелерді алуға және сатып алуға рұқсат етілетін заттардың тізбесі кеңейтілді. Өткен жылдан бастап колонияларда «электронды дүкендер» енгізіле бастады. Сондай-ақ кездесулер саны артты», деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрі.