Аймақтар • 12 Шілде, 2021

Қостанай облысында ірі орман өрті сөндірілді

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында өрт сөндірушілер ірі орман өртін үш күн бойы сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында ірі орман өрті сөндірілді

«10 шілде күні сағат 12:50-де Қостанай ауданындағы «Пригородное» орман шаруашылығы басқармасының аумағында, Тобыл қаласынан 30 шақырым жерде ірі орман өрті сөндірілді. Өрт 8 шілде күні сағат 10:40-та басталған. Қураған шөп, қарағай мен қайың жанып кетті. Жалынмен күресті екпінді жел мен ыстық күн райы қиындатты», деп хабарлады ведомстводан.

Жалынмен күреске ТЖД күш-құралдары, жергілікті атқарушы органдар мен полицейлер жұмылдырылған.

«Орман сілемін қорғау мақсатында «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылды. Құтқарушы тікұшақ әуеден 60 рет су шашты, шашылған судың көлемі 200-ге жуық тоннаны құраған. Алдын ала есеп бойынша, жалын 300 гектар жерді шарпыған. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр», деп түсіндірді ТЖД-дан.

Жалынмен күрес 9 шілде күнгі сағат 21:00-де жарияланып, келесі күні түске қарай толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ормандағы өртті сөндіру үшін 315 адам мен 40-тан астам техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20