«Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Алмат Мұратұлы Байшолақов тағайындалды», делінген прокуратура сайтындағы хабарламада.
Алмат Мұратұлы 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданының, Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратураларын, Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасын, қылмыстық істер бойынша сот актілерін басқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді. Әділет министрлігінің департаменттерін басқарды.
Соңғы екі жылда Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл қызметтен 2021 жылдың шілде айының басында кетті.