Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі Нұрлан Иманғалиевтың айтуынша, бұл туралы әлеуметтік желіде аталған ауылдың тұрғындары жазба жариялаған екен.
– Құс адамдардан үрікпеген. Біздің инспекторлар ауыл тұрғындарымен байланысқа шықты. Атырауға келе жатқан көлік жүргізушісі тұрғындардың өтінішімен құсты бізге жеткізіп берді. Инспекторлар құсты тексеруден өткізіп, жарақаттанбағанын анықтады. Сұқсыр үйрекке ұқсас құс «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы арқылы Каспий теңізіне құятын каналға жіберілді, – дейді Нұрлан Иманғалиев.
Ал жергілікті орнитолог, «Қансонар» республикалық қауымдастығы өңірлік өкілдігінің директоры Александр Ивасенконың пікірінше, мұнайлы өңірде сұқсыр үйректің бірнеше түрі кездеседі. Мұндай құс Қызыл кітапқа енбеген.
Атырау облысы