Ауа райы • 13 Шілде, 2021

Бүгін елімізде күн райы қалай болады?

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елімізде күн райы қалай болады?

Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыста және орталықта тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл тұруы ықтимал, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысында шаңды дауыл болады.

Жамбыл облысында бұршақ жауып, желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз бұршақ түсуі мүмкін, кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысында тұман түседі, күндіз басым бөлігінде жел тұрады.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, Қызылорда облысында түнде және таңертең дауыл тұруы ықтимал.

Павлодар, Қарағанды облыстарында да бұршақ, дауыл күтіледі, Қарағанды облысында түнде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.