Әлем • 13 Шілде, 2021

Ауғанстанның 15 провинциясында Талибанмен күрес жалғасуда

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның 15 провинциясында соңғы тәулікте үкіметтік күштер мен Талибан қозғалысының отрядтары арасында болған шайқас кезінде 271 Талибан өлтірілді, 162-сі жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылған, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстанның 15 провинциясында Талибанмен күрес жалғасуда

Әскери іс-қимыл аймақтарында 18 жарылғыш құрылғы табылып, залалсыздандырылды. 

Осы уақытта Ауғанстанның ең қауіпсіз провинцияларының бірі – Хазар халқы өкілдері қоныстанған Бамиян қаласы уездерінің бірін Талибан содырлары басып алғаны туралы хабарлама келді. 

Бамиян провинциясы кеңесі басшысының орынбасары Абдул Ахмет Биневаның айтуынша, әскери күштерден кері шегінген содырлар Кахмард аймағына шабуыл жасаған. 

Оның айтуынша, содырлар көптеген мөлшерде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілеген.