Қазақстан • 13 Шілде, 2021

Канада Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев біздің елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Канада елшісі Николя Бруссоны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канада Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Кездесу барысында сұхбаттасушылар Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың маңызды салалары қатарына ауыл шаруашылығы және жер қойнауын пайдалану, академиялық алмасу, сондай-ақ KazAid және CIDA екі елдің халықаралық даму агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты атап өтті.

Тараптар 2021 жылғы наурызда екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі саяси консультациялардың табысты өткеніне тоқталды.

Осы тұрғыда Елшінің екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Н.Бруссо Канаданың Қазақстандағы Елшісі қызметінде төрт жыл қызмет атқарды, осы жылдар ішінде көптеген салаларда екіжақты байланыстар нығайды. Канада Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторларының қатарына ене отырып, бүгінгі күнге дейін 6 млрд АҚШ долларынан астам көлемде елімізге инвестиция салды.

Н.Бруссоның екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан жеке үлесін ескере отырып, канадалық дипломатқа ҚР Президентінің Алғыс хаты табыс етілді.