Экономика • 13 Шілде, 2021

Ұлттық қордан 1,1 миллиард доллар айналымға шықты

1758 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы   Талдау орталығы маусым айында Қазақстанның Ұлттық қорынан 1,1 миллиард доллар сатылғанын, бұл соңғы 12 айдағы ең жоғарғы көрсеткіш екенін хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық қордан  1,1 миллиард доллар айналымға шықты

Өтіп бара жатқан  аптадағы KASE валюта сауда-саттығының ашылуында ұлттық валютаға деген сұраныстың өскені  байқалды. Дүйсенбі күнгі сауда-саттық нәтижесінде бір доллар 427,43 теңгеге теңестіріліп, тәулігіне 1,81 теңгеге дейін арзандады.

«USDKZT_TOM құралымен сауда-саттық көлемі 201,7 млн долларға ​​жетті. Ағымдағы жылы доллармен сауданың орташа тәуліктік көлемі 130,1 млн долларды құрайтынын ескердік. Нарықтағы көңіл-күйдің  жақсаруына  сыртқы нарықтың салыстырмалы түрде тұрақты сигналдары себеп болды» деп айтылды Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы хабарламасында.

Хабарламада теңгені қолдау үшін бюджетке трансферттер бөлу шеңберінде Ұлттық қордан валютаны тұрақты сату шаралары іске асқаны туралы жазылған.

«Осылайша, Ұлттық қордан шетел валютасын сату көлемі маусым айында 1093,3 миллион долларға дейін өсті. Бұл соңғы 12 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Ұлттық қордан сатылымның жалпы көлемі 4,3 миллиард долларды құрады» деп хабарлайды ҚҚҚ.

Таңертеңгілік сессиясы бір доллар 426,62 теңгеге бағаланып, ұлттық валюта 1,11 теңгеге нығайды.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2021 жылы мамырда валюта нарығындағы жағдай теңдестірілген, қаржылық реттеуші араласпады деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, валюта нарығында бюджетке аударымдар жасауға 553 миллион доллар аударылды, квазимемлекеттік сектордың сату көлемі шамамен 340 миллион долларды құрады.