Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 324 келі түрлі есірткі затын тәркіледі.
Оның ішінде 244 келі марихуана, 78 келі гашиш, 796 грамм героин және 17 грамм синтетикалық есірткі құралдары бар.
«Алты айдың ішінде Жамбыл облысында 324 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 61 есірткіні өткізу, 32 аса ірі көлемде сақтау, 12 есірткі құралдарын контрабандалау жағдайы, 10 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, 1 есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу және 209 қылмыстық теріс қылық дерегі», деп түсіндірді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.