Спорт • 14 Шілде, 2021

Токиода чемпион болған боксшыға 100 мың АҚШ доллары беріледі

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында чемпион болған боксшыға 100 мың АҚШ доллары беріледі. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Токиода чемпион болған боксшыға 100 мың АҚШ доллары беріледі

Екінші орынға 70, ал үшінші орынға 50 мың доллар табысталмақ. Бапкерлер де назардан тыс қалмайды. Оларға, сәйкесінше, 15, 10 және 5 мың доллардан беріледі.

Бокстан ұлттық құрама 9 лицензия жеңіп алды. Оның сезігізі ерлер командасына тиесілі. Ел намысын қорғайтын спортшылар қазір Алматыда соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Олар 16 шілдеде Токиоға аттанады. Ал, іріктеу сындары 24 шілдеде басталады.