Оқиға • 14 Шілде, 2021

Атырауда жылқы мүсінін бүлдірген ер адам 5 тәулікке қамалды

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда полиция қызметкерлері жылқы мүсінін бүлдірген Орал қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жылқы мүсінін бүлдірген ер адам 5 тәулікке қамалды

«Кешкі сағат 19:50 шамасында 43 жастағы азамат мас күйде Сәтпаев көшесіндегі жылқы мүсінін құлатып тастаған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оның орта дәрежедегі мас күйде екені анықталды.

Аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық), 440-бабының 3-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен 43 жастағы азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.