Қазақстан • 14 Шілде, 2021

Қазақстан Үкіметі Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарна шәкіліне қатысты құжатқа қол қойды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі Халықаралык Түркі академиясына құрылтайшы мемлекеттердің бірі ретінде ұйымның бюджетіне міндетті жарна шәкілін бекітті. Бұл туралы арнайы Қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Үкіметі Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарна шәкіліне қатысты құжатқа қол қойды

Аталған құжатқа сәйкес, Қаулы күшіне енген сәттен бастап, Қазақстан Республикасының Үкіметі ондағы ережелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, 2020 жылы 28 қарашада «Мүше мемлекеттердің Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы» хаттама Ыстамбұл қаласында мақұлданған болатын. Халықаралық Түркі академиясына мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия  тараптары өзара келіскен үлестер бойынша міндетті жарналар төлейді.

Бұған кейін «Мүше мемлекеттердің Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы» хаттаманы Әзербайжан және Түркия Республикасының Президентері бекіткен болатын.

ыы