Қазақстан • 14 Шілде, 2021

Прокуратура Біртановқа тағы бір айып тағып отыр

2202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Прокуратура экс-министр Тараздан елордаға дейін жету үшін санитарлық авиация ұшағын заңсыз қолданып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, деп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура Біртановқа тағы бір айып тағып отыр

Хабар 24 арнасы сәрсенбіде экс-министрдің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев осы жағдай бойынша жауап бегенін мәлімдеді.

Қорғаушының айтуынша, Біртанов 2020 жылдың 12-13 маусымында жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болған. Бұл іссапарға Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин де барған. Жұмыс тобының мүшелері Қордай ауданында болып, коронавирусқа қарсы вакцина дайындайтын зауыт құрылысының барысымен танысқан. Адвокат ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, Біртанов Нұр-Сұлтанға Премьер-Министр және Үкімет мүшелерімен бірге бір ұшақпен қайта алмағанын жеткізді. Сол қиын кезеңде Премьер-Министрдің коронавирус жұқтыруы министрлер кабинетінің жұмысына үлкен зиян келтіруі мүмкін еді. 

«Президент Премьер-Министр мен Денсаулық сақтау министріне коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша штабқа жетекшілік етуді, төтенше жағдай кезінде халықты қорғауға бағытталған шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Нұр-Сұлтандағы тұрақты жұмыс орнына, тіркелген медицина мекемесіне қайтуы керек еді. Сондықтан Біртановты Тараздан Нұр-Сұлтанға санавиация көлігімен жеткізу елде қалыптасқан төтенше жағдай кезіндегі мәжбүрлі шара болды», деді адвокат Бейсекеев.

Екіжақты пневмония түріндегі аурудың асқынуы анықталға министрдің жағдайы нашарлауына байланысты елордадағы Ұлттық кардиоорталыққа жеткізілген. Ол 2020 жылдың 23 маусымына дейін осы мекемеде ем қабылдаған. 

«Тек менің жағдайымда ғана емес, басқа жағдайларда да санитарлық өкілдер аймақтарға ұшты, ұшақтар ұшпаған соң шешім қабылдау керек болды. Дәрі-дәрмектерді, реактивтерді тасымалдады, Уханьнан келген студенттерді де елге қайтарды ғой. Мұның бәрі жоғары басшылықпен келісілді, менің жағдайым бойынша да келісім болған. Мен Премьер-Министрге хабарладым, содан кейін ғана осындай тасымалдауды ұйымдастыруды өтіндім», дейді экс-министр Елжан Біртанов, ҚР