Қазақстан • 14 Шілде, 2021

Вакцина паспортын сатып алған адам жансақтау бөліміне түсті – ДСМ

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау паспортын сатып алып, коронавируспен ауырған науқастар туралы айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz

Вакцина паспортын сатып алған адам жансақтау бөліміне түсті – ДСМ

Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша, вакцина алған адамдар да ауырып қалуы мүмкін. Алайда, вакцина салдырғандарда ауру жеңілдеу өтеді.

«Біз жұқтыру жағдайлары санын бақылап отырамыз: вакцинаның бірінші дозасын алғандар арасында – 1325 жұқтыру жағдайы, екі доза алғандар арасында – 964 жағдай тіркелген. Сондай-ақ біз вакцина салдырғандар арасында аурудың қалай өтетінін қадағалаймыз – ауруханаға жатқызылғандар бар, бірақ олардың көпшілігін ілеспе себептердің ауыр болғаны үшін ауруханаға жатқызуда», деді спикер.

Сонымен бірге Роза Қожапова вакциналау паспортын сатып алып, ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқас туралы айтып берді.

«Жансақтау бөліміне түсу бойынша да жекелеген жағдайлар болды. Мысалы бір адамның екпе салдырмай, заңнаманы бұзып, вакциналау паспортын алғаны белгілі болды, оны өзі коронавирус жұқтырып, жағдайы ауырлағанда мойындады. Вакцина алған науқастарда жұқпаның ауыр өтуі сирек, тіпті төмен көрсеткіште деуге болады», дейді Р. Қожапова.

Соңғы жаңалықтар