Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.
2005-2006 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы. 2006-2007 жылдары – ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы.
2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.
2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.
2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.
2017 жылғы тамызда ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі болды.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарды.