Әлем • 15 Шілде, 2021

Рим Папасы ауруханадан шықты

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рим Папасы Франциск Агостино Гемелли ауруханасынан ішек ауруы бойынша жоспарланған операциядан кейін шығарылды. Бұл туралы Ватиканның баспасөз қызметінің директоры Маттео Бруни мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Рим Папасы ауруханадан шықты

Оның айтуынша, Рим Папасы ауруханадан шыққаннан кейін Римдегі Санта-Мария Маггиор соборына барып, операцияның сәтті аяқталғанына дұға еткен, содан кейін Ватиканға оралған.

Рим Папасы Франциск 4 шілдеде ауруханаға жатқызылған болатын. Оған ішектің дивертикулярлық ауруының симптоматикалық түріне байланысты жоспарлы операция жасалды.