Токио Олимпиадасында велоспорттан ел намысын үш спортшы қорғайды. Олар ‒ Алексей Луценко, Дмитрий Груздев және Вадим Пронский. Олимпия ойындарында Қазақстан командасының капитаны міндетін Алексей Луценко атқарады.

Үш спортшының арқасында велошабандоздар жекелей және топтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Біз мұндай жетістікке соңғы рет 2004 жылы Афина Олимпиадасында ғана жеткен екенбіз.
Халықаралық велоспорт федерациясының қорытынды рейтингісі бойынша Қазақстан командасы үш лицензия иеленген болатын. Ұпай жинау кезеңдері 2018 жылдың 22 қазаны мен 2019 жылдың 22 қазаны аралығын қамтыды. Қорытынды есепте біздің команда 3259,35 ұпаймен 19-орынға табан тіреді. Бұл ретте 2019 жылы Қазақстан қоржынын маңызды ұпайлармен толтырған Алексей Луценконың еңбегі ерекше. Сондай-ақ қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында үш алтын алып, команда рейтингіне 555 ұпай қосты. Осылайша, 2004 жылдан бері алғаш рет топтық сында Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынайды.
Біз бүгін команданың көшбасшысы Алексей Луценконы жай айтып отырған жоқпыз. Себебі ол бұған дейін қаншама ірі турнирлерде жүлде алып жүрген бірден-бір отандасымыз. Тіпті оған 2016 жылы Рио Олимпиадасында үлкен үмітпен қараған да едік. Алайда оның жоспарларына жарақат кедергі келтірді, сол себепті ол басты стартқа бармады.
‒ Олимпиада ‒ кез келген спортшының мансабындағы ең үлкен шың. Жарақаттың салдарынан мен Риоға қатыса алмадым. Содан бері мен дайындықты тоқтатпадым. Керісінше, шеберлігімді арттырдым. Сондықтан Олимпиадада жақсы нәтижені көрсеткім келеді, ‒ деді Алексей Луценко.
Содан бері бес жыл артта қалды. Луценко ширады, Тур де Франц, Жиро д Италия, Вуэльта сынды көпкүндікке қатысып тәжірибе жинады. Жинаған тәжірибенің арқасында ол Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Одан бөлек, Оман, Түркия, Аустрия және Қытайда өткен веложарыстарда топ басынан көріне алды.
Олимпиада алдында құраманың бас бапкері Асан Базаев спортшылардың дайындығы жайлы айтып берді.
‒ Жарыста Луценко капитан ретінде қатысады. Груздев пен Пронский оған көмектеседі. Алғашында Андрей Зейцті Олимпиадаға апарамыз деп ойлаған едік. Алайда ол жарақатынан кейін бабына келе алмады. Дәл қазір Дмитрий Груздев нағыз бабында. Вадим Пронский «Джиродан» кейін жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Алексейге көмегі көп болары анық, ‒ деді бас бапкер.
Бас бапкердің айтуынша, қазақстандық спортшылар Токиода сәтті өнер көрсетіп, жүлде алып қалуымыз да ғажап емес.
Ерлер арасындағы бәсеке 24 шілде күні топтық жарыспен басталады. Жарысқа 130 спортшы қатысады деп күтілуде. Ал жекелей сында Алексей Луценко ғана бақ сынайды.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар