Аймақтар • 15 Шілде, 2021

Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты 14 шілдеде болған.

«Кеше «Атырау-Астрахань» (Ресей шекарасы) тас жолында 21 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Ipsum» мен рульде 1957 жылы туған азамат болған «Toyota Highlander» көлігі соқтығысқан. Жол апатының салдарынан бір адам мерт болып, 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліліп жатыр.