Аймақтар • 15 Шілде, 2021

Батыс Қазақстанда 1000-нан астам киік мүйізі тәркіленді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО полицейлері 1000-нан астам киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда 1000-нан астам киік мүйізі тәркіленді

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының нақты және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында Конкин көшесінде С есімді жүргізушінің басқаруымен МАЗ маркалы автокөлігін тоқтатып, тінту кезінде 1178 дана киіктің мүйізі табылды.

«1979 жылы туған С есімді азамат РФ-ға құрылыс материалдарын алуға кетіп бара жатқан жерінен ұсталды», деді БҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.