Аймақтар • 15 Шілде, 2021

Ел шекарасын қасақана бұзған шетелдіктер ұсталды

799 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Өзбекстан Республикасының екі азаматы мемлекеттік шекараны қасақана бұзып өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел шекарасын қасақана бұзған шетелдіктер ұсталды

«Атырау қаласының полицейлері еліміздің мемлекеттік шекарасын қасақана бұзған Өзбекстанның екі азаматын анықтады. Оның бірі 2015 жылдан ӨР Қылмыстық Кодексінің 223-бабының 2-бөлімімен тіркелген қылмыстық іс бойынша заңсыз шекарадан өткені үшін іздестірілуде болған. Қазір  27 жастағы азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал, 30 жастағы ер адам осыдан бір жыл бұрын ҚР аумағынан шығарылған. Соған қарамастан ол өзінің аты-жөнін өзгертіп, шекараны қасақана кесіп өткен», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Өзбекстанның екі азаматына қатысты ҚР Қылмыстық Кодекснің 392-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.