Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныс артады. Осы ретте Бас мүфти еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырды.
«Мал бағасын қадағалау құзыретімізге жатпайды. Дегенмен, Құрбан айт қарсаңында қарапайым халыққа қол жетімді болу үшін жергілікті жердегі кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде бірнеше кәсіпкер бір бағаны бекітіп, қолдау көрсетуде. Сайтта онлайн құрбан шалу қай жерде қандай бағамен өткізілетіні туралы ақпарат ұсынылған», деді Бас мүфти журналистердің сауалына берген жауабында.
Сонымен қатар, Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеді.