Аймақтар • 15 Шілде, 2021

Атырауда бірнеше нысанның жұмысы тоқтатылады

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауов жаңа қаулыға қол қойды. Соған сәйкес Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан бірнеше нысанның жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бірнеше нысанның жұмысы тоқтатылады

«Көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды) сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізу, ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, букмекерлік кеңселердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметі тоқтатылсын», делінген қаулыда.

Сондай-ақ көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізу, ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысына (демалыс саябақтарында, алаңдарда), бассейндері бар аквапарктердің жұмысы, алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасы, жалға беру, қаларалық, облысаралық, қалалық жүйелі және жүйелі емес автобус және шағын автобус тасымалдары, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізу тоқтайтын болды.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 17 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024