Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Жайық жағасындағы жылыжай

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақжайық ауылы – Махамбет ауданында орна­ласқан округтің бірі. Жайық өзенінің жағасынан қа­­шық емес ірі елді мекенде егін шаруа­шы­лы­ғы қанат жайған. Қазір мұнда 4 гект­ар аумақта ірі жылы­жайдың құ­ры­лысы қолға алыныпты.

Жайық жағасындағы жылыжай

«Жұмағалиева Н» шаруа қо­жалы­ғының жетек­шісі Оспан Алмас­тың ай­туынша, аталған жобаның құны 1,4 млрд теңгені құрайды. Оны биыл­ғы төр­тін­ші тоқсанда іске қосу жоспарланып отыр.

– Құрылыс алаңында 14 адам жұ­мыс істейді. Қазір жылыжай нысаны­ның қабырғасы құрастырыла бастады. Электр мен газ желісі тартылды. Бұл жы­лыжай іске қосылғанда 350 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мұнда жылына 350 тоннаны құрай­тын қияр мен қызанақ өсіріледі, – дейді О.Алмас.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхам­бетов­тің айтуынша, мемлекет тарапы­нан ауыл шаруашылығы саласын дамы­туға көрсетілетін қолдау көп. Ал мұнайлы өңірге азық-түлік белдеуін құ­ру үшін дәл осындай жобалар қажет. Өйт­кені тұрғындарға сапалы әрі арзан көкө­ніс өнімдерін ұсынуды көздейтін бұл жылыжайда да жұмыс орындары ашы­лады. Жылыжай өнімдері жер­гілік­ті нарықтағы баға­ның тұрақ­тануы­на ық­­пал етеді.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар