Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Атырауда тұтынушылардың 2 миллионнан астам теңгесі қайтарылды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уәлиевтың айтуынша, атыраулық тұтынушылардан 237 арыз түскен. Оның ішінде 137 арызданушыға түсіндіру жұмысы жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда тұтынушылардың 2 миллионнан астам теңгесі қайтарылды

«Тұтынушылардың 72 арызына жауап беріліп, 2 210 343 теңгесі қайтарылып берілді. Ал, 23 арызда қозғалған мәселе департаменттің қызметіне қатысты болмағандықтан, тиісті органдарға жолданды», дейді Әлем Уәлиев.

Оның мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 117 тұтынушы тікелей және байланыс телефоны арқылы консультативтік кеңес алған. Сондай-ақ e-tutynushy.kz сервистік платформасына түскен 12 арыздың жетеуінің иесіне түсіндіру жұмысы жүргізілген. Ал, 5 арыз иесінің талабы қанағаттандырылған.