Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО полицейлері балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды

14 шілде күні сағат 23:56-да Ұлан ауданы ПБ кезекші бөліміне Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының «Үміт балалар үйі» КММ директорынан өтініш келіп түсті.

Ол 14 шілде күні сағат 16:00 шамасында Ұлан ауданының Төменгі Тайынты ауылында орналасқан жазғы сауықтыру лагерінің аумағынан өз еркімен кетіп қалған 14, 15 және 17 жастағы үш кәмелетке толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерін іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Полиция қызметкерлері дабыл қағып, дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіруге Ұлан АПБ жеке құрамы, ТЖ қызметкерлері, Асубұлақ ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылды.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 16 шілде күні сағат 06:05-те патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Тарғын ауылындағы жол бойында орналасқан қараусыз қалған үйге кірген үш жасөспірімді байқаған.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін кәмелетке толмаған балалар Ұлан АПБ-ға жеткізілді.