Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Ақтөбеде жеті жасар баланы көлік қағып кетті

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жеті жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде жеті жасар баланы көлік қағып кетті

15 шілде күні сағат 16:00 шамасында Ақтөбе қаласы Иманов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. LADA Largus автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жеті жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Кәмелетке толмаған бала Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.