Тағайындау • 16 Шілде, 2021

Атырауда басқарма басшысы тағайындалды

2779 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің өкімімен Нұрлан Жантоқов облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып  тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда басқарма басшысы тағайындалды

Нұрлан Қойланұлы 1963 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын экономист мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Мақат ауданындағы баспаханада бастады. Жоғары білім алған соң 1989-1992 жылдары «Ембімұнайгеофизика» өндірістік филиалында жұмыс істеді. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты.

1994 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, халықты жұмыспен қамту саласында түрлі лауазымдарды атқарды. 1999-2003 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2007 жылдары Мақат ауданның әкімі болды. 2007-2010 жылдары Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

Ал, 2010-2021 жылдары түрлі кәсіпорын мен компанияға басшылық етті. Биылғы сәуірден бері Махамбет аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінде эколог болған.

«Құрмет» орденімен, II дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.