Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Шымкентте «eQonaq» жүйесі іске қосылды

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте туризм саласын дамыту мақсатында біршама жұмыстар қолға алынып, іске асырылуда. Осыған сәйкес,  қалаға келген   туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте «eQonaq»  жүйесі іске қосылды

Іс-шараға «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы АҚ өкілдері мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, сондай-ақ қонақ үй иелері және сала мамандары қатысты.

Айта кету керек, «еQonaq»бірыңғай ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға 2020 жылдың IV тоқсанында енгізілді. Бүгінде аталған жүйе негізінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 576 орналастыру орны, атап айтсақ,  қонақ үйлер, хостелдер, демалыс үйлерінде 29077 турист тіркелген.

Шымкентте аталған ақпараттық жүйеге 65 қонақ үй енгізіліп, тәжірибеде қолданылып келеді. Сондай-ақ, аталған жүйе шілде айында Тараз, Қызылорда, Түркістан қонақ үйлеріне де енгізілмек. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтары толықтай қамтылып, «eQonaq» жүйесіне тіркелген қонақ үйлер санын 700-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Ал  жүйені дамыту аясында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы әзірлеуші ретінде «Ashyq» жүйесімен интеграциялауды қолға алмақ.