Әлем • 16 Шілде, 2021

Германияда су тасқынына байланысты әскери апат режимі енгізілді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда елдің батысындағы су тасқынына байланысты әскери апат режимі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияда су тасқынына байланысты әскери апат режимі енгізілді

Дүйсенбіден бері аймақта екі айлық жауынның мөлшері жауып, Рейннің екі саласы – Ар және Мозель және бірнеше кіші өзен арнасынан астын асты. Әсіресе Солтүстік Рейн-Вестфалия және Рейнланд-Пфальц жерлері зардап шекті. Топырақтың шөгуіне байланысты кейбір үйлер құлады.

Ал кейбір тұрғындар көтеріліп жатқан судан қашып, шатырда көмек күтуге мәжбүр болды. Өңірде құтқарушылар мен 900-ге жуық әскери қызметкерлер жұмыс істейді. Су тасқыны салдарынан жүзден астам адамның өлімі расталды. Тағы мыңға жуығы хабар- ошарсыз кеткен. Билік олардың саны аз болуы мүмкін екенін айтады.

Алайда жолдарды суу басып, ұялы желісінің болмауына байланысты көптеген адамдар зардап шеккен аудандарда тұратын туыстарымен хабарласа алмай отыр. Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қайтыс болған жандардың отбасына көңіл айтып, қолдау білдірді.

Сондай-ақ елдерді жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін көп күш салуға шақырды.