Енгізілген шектеулерге қарамастан, Сарыарқа ауданында белгіленген уақыттан кейін «Pei Zdes» лаундж-бары, «Атом» компьютерлік клубы және «Угол 4/1» бары жұмыс істеді.
Алматы ауданында орналасқан «Киш Миш» кафесінде, «Какие люди» барында, «Эхо» клубында да жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.
Сонымен қатар, Есіл ауданындағы «Inforno» мейрамханасы мен «VZлетный» ресто-бары сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдауды жалғастырған. Кальян шегу қызметін көрсеткен.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.
Айта кетейік, жыл басынан 15 шілдеге дейін елордада шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін 786 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 159 млн теңге айыппұл салынған.