19 шілдеде циклонға әкелген атмосфералық ағынға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек елдің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады.
Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте және орталықта түнде және таңға жақын тұман түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойынап, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында шаңды дауыл соғуы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында найзағай ойнап, тұман түседі, жел 18 м/с күшейеді.
Қызылорда, Түркістан облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болуы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.