Аймақтар • 19 Шілде, 2021

Алматы маңындағы дала өрті сөндірілді

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай Талғар ауданы Бесағаш ауылының маңында ірі өрт болды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы маңындағы дала өрті сөндірілді

Өрт орнындағы кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.

«Бүгін Бесағаш-Думанда 6 шақырым жерде өрт шығып, түнгі 2-ден таңғы 6-ға дейін өрт сөндірушілер жалынмен күресті. Оларға еңбегі үшін үлкен рахмет. Адамдар жауапты және ұқыпты болыңыздар, темекі тұқылын тастамаңыздар, қоқысты өтемеңіздер...», деп жазылған постта.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі Талғар ауданы Бесағаш ауылының шетіндегі құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама ТЖД-ға 19 шілде күні сағат 03:13-те келіп түскенін хабарлады.

«Алматы облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына келген соң, таулы жерлерде шамамен үш гектар алқапта құрғақ шөптің өртенгенін, тұрғын үй құрылыстарына өрттің таралу қаупі бар екенін анықтады. Өрт 05:55-те толығымен сөндірілді, өрттің қандай да бір құрылысқа таралуына жол берілген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД мен Алматы қаласы ТЖД-ің 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды», деді облыстық ТЖД.

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.