Оқиға • 19 Шілде, 2021

Түркістан облысында тауға шыққан жасөспірімдер қайта түсе алмай қалған

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Біркөлік тау шатқалына барған 2 жасөспірім тау басына демалуға көтеріліп, өздігімен түсе алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында тауға шыққан жасөспірімдер қайта түсе алмай қалған

Балалар «112» номеріне өздері хабарласып, құтқарушыларды шақырған.

«Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Балаларды жерге түсіріп алуға 8 маман мен 2 техника жұмылдырылды. Екеуі де дін-аман, денсаулықтарына зиян келтірілмеген», деп мәлімдеді облыстық ТЖ өкілдері.