Аймақтар • 19 Шілде, 2021

Атырауда 15 жасар жасөспірім суға батып кетті

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Жайық өзеніне суға түскен 15 жасар жасөспірім жантәсілім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 15 жасар жасөспірім суға батып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 18 шілдеде болған.

«Кеше сағат 20:15 шамасында 2006 жылы туған жасөспірім «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұсындағы жағажайда Жайық өзеніне суға түскен. Алайда, жасөспірім өзеннен қайта шықпай қалған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 20:31-де Жайыққа батқан баланың денесін судан шығарды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.