Аймақтар • 19 Шілде, 2021

БҚО тұрғындарына 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы биылғы 6 ай ішінде тұрғындарға 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО тұрғындарына 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

«Пандемия басталғалы бері көптеген қызмет онлайн форматқа көшті. Дегенмен орталыққа келіп, офлайн қызмет сұраушылар саны азаймай отыр. Азаматтарды қабылдау кезекті алдын-ала брондау арқылы жүргізіледі. Жартыжылдықта 72 334 электронды-цифрлы кілт беріліп, 36 879 автокөлік құралы, 28 933 жылжымайтын мүлік нысаны тіркеуден өткен. Бұл облыс тұрғындары ең көп жүгінетін мемлекеттік қызметтер», дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Айта кетейік, бүгінде халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде 659 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Батыс Қазақстан облысында осындай 17 бөлім және 1 мамандандырылған бөлім жұмыс істейді. Жақын арада Орал қаласында ХҚО бөлімдеріндегі кезекті азайту мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсететін 10 бекет ашылды.

«Өңірде пандемияға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрделі болуына байланысты біздің бөлімдерге алдын-ала брондап кезек алып келген клиенттердің өзі Ashyq жүйесі арқылы тексеруден өтеді. Азаматтардан арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Ақнұр Нұрғалиева.

 

Батыс Қазақстан