Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зайнолла Маненовтің айтуынша, 2012 жылдан бері құрылысы тоқтаған концерт залы мен монша-сауықтыру кешенін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның балансына беру рәсімі қолға алынған.
«Алдағы уақытта концерт залы сауда-ойын-сауық орталығы ретінде қайта жаңғыртылады. Инвестор жобаның құны мен техникалық параметрлерін есептейді. Ал, сауықтыру-монша кешенінің бастапқы мақсатын өзгерту инвестормен келісілгеннен кейін белгілі болады», дейді Зайнолла Мәненов.
Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің мәліметіне сүйенсек, бұл нысандардың құрылысын жалғастыру үшін бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бұған «Атырау» ӘКК» АҚ арқылы инвесторлардың қаржысы тартылмақ.