«Атырау облысында карантиндік шектеудің күшейтілуіне байланысты мониторингтік топтардың жұмысы ширатылды. Топ мүшелері қалада бір күнде карантиндік шектеу талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік нысанды анықтады», дейді полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Оның айтуынша, кеше, 17 шілдеде сағат 13:36 шамасында мониторингтік топ Бейбарыс көшесінде орналасқан «Continental Gold» мейрамханасында той өтіп жатқанын анықтаған. Бұл мейрамханадағы тойға 50-ден астам адам қатысқан.
Сондай-ақ сол күні сағат 15:55 шамасында Атырау мөлтек ауданындағы «Акварай» аквапаркі карантин талаптарын бұзып, жұмыс істеген. «Zheka’s doner house» кафесі сағат 22:15 шамасында келушілерді қабылдаған. Алайда, бұл нысанның иесі түсінік беруден бас тартқан.