«Жас жігіт Instagram парақшасында спорттық ұтысқа ақша тігіп, 100% ұтысқа ие болу туралы хабарлама жариялаған. Алаяқ елордалықтарды спорттық бәсекеге ақша тігуге көндіріп, олардан электронды әмиянына ақша жіберуін сұрады. Бәстен түскен пайданы тәулік ішінде жіберуге уәде беріп, ақшаны алып алған соң, алданған азаматтардың байланыс нөмірлерін бұғаттап тастаған. Тергеу барысында анықталғандай, жас алаяқтың ұтыс тігуге еш қатысы жоқтығы және жұрттан түскен ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде алаяқ ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Келтірілген шығынның көлемі 3 500 000 теңгені құрайды», делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті хабарлағандай, пандемия кезінде ғаламторда жеңіл ақша табуға шақыратын жалған хабарламалар шарықтап кеткен.
«Оның ешқандай талабы жоқ, тек ақша жіберсе болғаны. Өкінішке қарай, көптеген азаматтар жеңіл табыс табу жолында алданып жатады. Осы орайда ғаламторда жарияланған хабарламалардың растығын жіті тексеріп отырған жөн», деп хабарлайды департаменттен.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті азаматтардан желі алаяқтарының алдауына түсіп қалмауға кеңес береді. Интернетте жарияланған түсініксіз және күмәнді ойын, ұтыстарға қатыспауға шақырады.