Елорда әкімдігіне қарасты «Астана жастары» ресурстық орталығының бір топ волонтерлері жүк көліктеріне тиелген етті әр ауданға бөліп, жұмыла жұмыс істеді.
«Әр аудандағы көмекке мұқтаж 100 отбасының тізімін алдық. Оны бізге аудан әкімдіктері, мешіттер, сондай-ақ Жұмыспен қамту басқармасы ұсынған болатын. Волонтерлеріміз көмек қолын созып, осынау игі іске өз үлесін қосуға тырысуда. Мұнда қазір 50 шақты автоволонтер мен 30-дан аса жаяу волонтер қатысып жатыр. Әрқайсысы өздеріне жүктелген мекенжайлар бойынша құрбан шалынған етті үйлерге таратып шығады», дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев.