Спорт • 20 Шілде, 2021

Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға жоғарылады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингі кезекті рет жаңарды деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.

Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға жоғарылады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы орынды сақтап қалса, Юлия Путинцева жеті сатыға жоғарылап, 35-ші орынға көтерілді.

Путинцеваның жоғарылауына Будапешттегі турнирде жеңіске жеткені себеп болды. Ал Зарина Дияс 99-шы орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 40-шы орынға төмендесе, Михаил Кукушкин 123-ші орынды иеленді.