Аймақтар • 20 Шілде, 2021

ШҚО полицейлері 23 жастағы алаяқты ұстады

1864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының тумасы өз әріптестерінің атына несие рәсімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО полицейлері 23 жастағы алаяқты ұстады

Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Жамбыл облысының 23 жастағы тумасын қамауға алды. Ол ҚР Қарулы Күштері қатарында жұмыс істеген кезде әріптестерінің сеніміне кіріп, олардың жеке деректері арқылы микро-қаржы ұйымдарында несие ресімдеген. Тергеу жұмыстары барысында жәбірленушілерге 400 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілгені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.