Спорт • 21 Шілде, 2021

Олимпиада өтпей қалуы мүмкін бе?

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиодағы Олимпия ойындарын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто дүбірлі дода басталғанға дейін жағдай ушығып кетсе, ойындар болмауы мүмкін екенін айтты. 

Олимпиада өтпей қалуы мүмкін бе?

Жарыстың ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланғаны белгілі. 20 шілде күні Олимпиада қалашығында тексеріс кезінде коронавируспен 9 адамның жаңадан ауырғаны белгілі болды. Олардың ішінде үш спортшы бар: екі оңтүстікафрикалық футболшы және Чехиядан келген жағажай волейболының ойыншысы. Жалпы Олимпиадаға келген спортшылар мен делегаттар арасынан індетті жұқтырғандар саны 71-ге жетті.

Skysports.com-ның хабарлауынша, Т.Муто алдағы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны қандай болатынын болжай алмайтынын айтқан. «Егер толқулар болса, біз коронавирус жағдайына сүйене отырып, тағы да бес жақты келіссөздер жүргіземіз деп келістік. Қа­зір­гі уақытта коронавирус жұқ­тыр­ғандар саны артуы немесе азаюы мүмкін. Сондықтан біз жағдайды жіті бақылауда ұс­таймыз», деді Муто.

Сауалдамаларға сүйенсек, ел тұрғындарының көпшілігі биылғы Олимпия ойындарының өтуіне қарсы. Жаппай наразылық салдарынан Олимпиаданың негізгі демеушілерінің бірі Toyota компаниясы телеэфирден ойынға байланысты жарнамасын алып тастады. Ал оның басшылығы ашылу рәсіміне қатыспау туралы шешім қабылдады. Себебі елдегі пандемияға қатысты жағдай қиын болып тұр. 19 шілдедегі ахуал бойынша Жапонияда инфекцияны жұқтырғандар саны

2 368-ге артты. Олардың жартысына жуығы Токиода тіркелген.