Ол санкциялардың Беларусь еліне әсері туралы сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, санкция тосыннан енгізілмейді және қарсы шаралар алдын ала ойластырылады.
«Әрине, санкциялар кез келген ел үшін жақсы емес. Мен оны жасырмаймын. Бірақ біз ерте ме, кеш пе бұл санкциялардың экономикамызды тұралатып, жою мақсатында бізге қарсы қолданылатынын түсіндік. Сондықтан күттік және дайын болдық», дейді Беларусь басшысы.
Президенттің сөзіне сенсек, ел экономикасы осы жылдың басынан бері тұрақты өсімді көрсетіп келеді.
«Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Беларусь Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің өсуі шамамен 3,5 пайызды құрады. Бұл өткен жылы жоспарлағанымыздан көп», деді Александр Лукашенко.