10 Қаңтар, 2014

Ғарыш техникасының озық үлгісін ойлап тапты

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысындағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті Назифа Бақтыбаева ғарыш техникасының озық үлгісін ойлап тапты.

Павлодар облысындағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті Назифа Бақтыбаева ғарыш техникасының озық үлгісін ойлап тапты.

Ол күн жүйесіндегі аспан денелерінің атмосферасын зерттеуге арналған жоба болатын. Қазір ол аталмыш оқу орнында ғарыш техникасы мен технологиясы бойынша білім алуда. Осы орайда оның өткен жылғы күзде Ресейдегі Авиация институтында өткен аэроғарыш онкүндігіне барып келгенін атап өткен жөн. Осы ғылыми жиынға аталған елдің 38 жетекші оқу орнының студенттері қатысқан. Солардың арасынан Н.Бақтыбаеваның ғылыми жұмысы оң бағаланып, жоғары дәрежелі дипломмен марапатталған.

Зерттеу жұмыстарынан, оқуы мен ғылыми шаралардан студент қыздың қолы бос бола бермейді. Қолы қалт еткен кезде сурет салып, мәнерлеп сырғанаумен айналысады. Болашақта Қазақстан ғарыш саласының дамуына үлес қосуды мақсат тұтады.

Қалихан ТҰРМАХАНҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар