30 Сәуір, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Нұрпейісов Президентті Агенттіктің өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларынан хабардар етті. Әңгімелесу барысында сондай-ақ мемлекеттік қызметті одан әрі же­тілдіру, кадрлар алмастыру жө­нін­дегі жұмыстар, өңірлік тәртіптік кеңестер­дің қызметіне, атап айт­қанда, сы­бай­лас жемқорлық құқық бұзушылы­ғының  алдын алуға және сы­байлас жемқорлықпен күреске байланысты мәселелер туралы әңгіме болды. Осы мәселенің барлығы бой­ын­ша Мемлекет басшысы нақты тап­сырма берді, – деді Қ.Нұрпейі­сов.