Әлем • 21 Шілде, 2021

Канадада дала өрті өршіп тұр

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың батыс және солтүстік-орталық аймақтарындағы бірнеше дала өртінен жүздеген адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz канадалық CBC News сайтына сілтеме жасап.

Канадада дала өрті өршіп тұр

Пентиктоннан (Британ Колумбиясы) оңтүстікке қарай 40 км жерде болған өрттің күші түнде екі есеге ұлғайғандықтан жергілікті тұрғындарды тез арада эвакуациялауға тура келді. Үйін тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың нақты саны әлі белгісіз. Бірақ олардың саны жүзден кем емес. 

Онтарионың солтүстігіндегі Дир Лейктен тағы 500-ден астам адам тікұшақпен оңтүстік провинциядағы эвакуациялық орталықтарға жеткізілді. 

Өрттің ірі үш ошағы 20 000-100 000 га аумақты қамтыған. Салдарынан 2000 км қашықтықта орналасқан Оттавадағы ауа райы да нашарлады.

Эвакуацияланғандар Америка шекарасындағы қонақ үйге орналастырылған. Олар үйлеріне кем дегенде бір айдан кейін оралуы мүмкін.