Экономика • 21 Шілде, 2021

ЕАЭО елдері кредит тарихын алмасуды қарастырып жатыр

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихына енгізілген ақпаратпен алмасу тәртібі туралы Келісімнің жобасын дайындады, деп жазады Egemen.kz.

ЕАЭО елдері кредит тарихын алмасуды қарастырып жатыр

Келісім мақсаты – қаржы нарығында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Кредиттік тәуекелдерді барынша азайту, тұтынушылардың және қызмет көрсетушілердің құқығы мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ  Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ қаржы нарығын қалыптастыру.

Келісім мақұлданған жағдайда, Одақ өзі ішінде мынадай мәліметтерді алмаса алады:

- кредит тарихы субъектісінің келісімін немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымына кредиттік есепті беру туралы сұрау салу жіберілетін осындай келісімнің барлығы туралы ақпаратты;

- кредиттік есепті;

- кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді даулауға қатысты құжаттар.

Егер осы тақырыпта жіберліген сұраныс Одаққа кіретін елдердің заңнамасын бұзбаса, талап етілген ақпарат 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ құрамында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресей кіреді.

Бүгінде Келісім Ашық НҚА жүйесінде талдауға шығарылған.