Елорда • 21 Шілде, 2021

Елордада 3 мыңнан аса мұқтаж отбасына құрбандық еті беріледі

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрбан айт мерекесіне орай елорданың 3 мыңнан астам мұқтаж тұрғыны құрбандық етін алады. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 3 мыңнан аса мұқтаж отбасына құрбандық еті беріледі

«Ағымдағы жылдың 20-22 шілде аралығында мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт мерекесін атап өтеміз. Елорда әкімдігі мен мүфтияттың бірлескен күшімен qurban2021.kz сайты арқылы онлайн-құрбандық шалу ұйымдастырылды», деді Дәурен Бабамұратов.

Спикер құрбандық шалу үшін арнайы орындардан әкелінген барлық ет, әкімдік қызметкерлері, еріктілер, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бұл пакеттерді бөлуге, ал автоволонтерлер әлеуметтік осал отбасыларға тасымалдауға көмектесетінін атап өтті.

«Құрбан айтқа елорданың 3 мыңнан астам мұқтаж тұрғыны құрбандық етін алады», деп мәлімдеді ішкі саясат басқармасының бастығы.