10 Қаңтар, 2014

Алматыда бокс бапкері үстінен іс қозғалды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 01-AlmatiАлматы қаласында бокс жаттықтырушысы қаражатты талан-таражға салды деп айыпталды. Бұл туралы «Ras.kz» хабарлады.

«Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында бюджеттің 4 млн. теңгеден астам қаржысын талан-таражға салған жаттықтырушыға қатысты іс қаралды», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 176-бабы 3-бөлімі «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің бапкері мемлекетке келтірілген 4 440 000 теңге шығынды толығымен өтепті.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар